Cтамбұлда есту қабілеті төмен спортшылар арасында еркін және грек-рим күресінен Әлем Чемпионаты аяқталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Cтамбұлда есту қабілеті төмен спортшылар арасында еркін және грек-рим күресінен Әлем Чемпионаты аяқталды

2021 жылғы 3-8 шілде аралығында Стамбул қаласында (Түркия) есту қабілеті бұзылған жастар мен ересектер арасында еркін және грек-рим күресінен Әлем Чемпионаты өтті.

Чемпионатқа әлемнің 11 елінен 325-ке жуық спортшы қатысты. Қазақстанның ұлттық құрама командасын еркін және грек-рим күресінен 30 спортшы таныстырды.

Грек-рим күресінен жастар арасында 6 салмақ дәрежесі бойынша (55, 60, 63, 67, 72, 87), ересектер арасында 10 салмақ дәрежесі бойынша (55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 87, 97, 130) спортшылар қатысты. Грек-рим күресінен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, Жамбыл, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан Қазақстанның ұлттық құрама командасының спортшылары қатысты. Грек-рим күресінен спортшыларды орталықтың аға жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ерлан Әлиасқарұлы Мұқажан дайындады.

Еркін күрестен жастар арасында 6 салмақ дәрежесі бойынша (57, 61, 65, 70, 74, 79), ересектер арасында 10 салмақ дәрежесі бойынша (57, 61, 65, 70, 74, 79, 86, 92, 97, 125) спортшылар қатысты. Еркін күрестен Алматы және Шымкент қалаларынан, Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола, Алматы облыстарынан Қазақстанның ұлттық құрама командасының спортшылары қатысты. Еркін күрестен спортшыларды даярлаған Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, біздің орталықтың аға жаттықтырушысы Қонысбаев Ерназар Дүйсенұлы.

Жарыс нәтижелері

Грек-рим күресі:

Шонку Кайратхаан ересектер арасында (130 кг) 2-орын алды.

Игенбай Ғабит ересектер арасында (72 кг) 3-орын алды.

Дәнен Қазыбек жастар арасында (55 кг) 3-орынды иеленді.

Мухаметкалиев Роллан жастар арасында (60 кг) 3-орын алды.

Сарыбаев Ғалымжан жастар арасында (87 кг) 3-орынды иеленді.

Еркін күрес:

Рсалы Сабыржан жастар арасында (70 кг) 1-орынды иеленді.

Дуйсембиев Нұрсұлтан ересектер арасында (61 кг) 2-орынға ие болды.

Шонку Қайратхаан ересектер арасында (125 кг) 3-орын алды.

Жамбыл Әділет ересектер арасында (70 кг) 3-орынды иеленді.

Тұрғынбай Ғасыр ересектер арасында (74 кг) 3-орын алды.

Сабитов Бағдат ересектер арасында (79 кг) 3-орынды иеленді.

Ересектер арасында Пернеш Шадияр (65 кг) 3-орынды жеңіп алды.

Жарыс қорытындысы бойынша еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль, грекрим күресінен 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

Біздің балуандарды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

17 − 4 =