Дзюдодан есту қабілеті төмен мүгедектер арасындағы халықаралық турнир – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Дзюдодан есту қабілеті төмен мүгедектер арасындағы халықаралық турнир

2019 жылғы 23-28 қараша аралығында Бішкек қаласында (Қырғызстан) есту қабілеті төмен спортшылар арасында дзюдодан халықаралық турнир өтті. 3 елден Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Қазақстан 92 спортшы қатысты. 28 медаль сарапқа салынды.
Халықаралық турнирге Қазақстан атынан Тараз қаласының спортшысы Түгелбаев Айдос қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша құрама команда спортшысы Түгелбаев Айдос 73 кг салмақ дәрежесінде 1 алтын медаль жеңіп алды.
Бірінші орында Қырғызстан спортшылары – 25 медаль (6 алтын, 5 күміс, 14 қола), екінші орында Қазақстан спортшылары – 1 медаль (1 алтын), үшінші орында Ресей спортшылары – 2 медаль (2 күміс).

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

twelve + 20 =