Қазақстандық Бахтияр Қасенов жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында күміс медальды жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық Бахтияр Қасенов жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында күміс медальды жеңіп алды


23-28 тамыз аралығында Польшаның Люблин қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында жеңіл атлетикадан IV Әлем чемпионаты өтті. Оған әлемнің 20 елінен 100-ден астам спортшы қатысты.

Қашықтығы 10000 метр болатын спорттық жүруде 37 жастағы Бахтияр Қасенов Кения, Польша, Ирак елдерінен қатысқан қарсыластарын артта қалдырып, 25 жастағы жас испандыққа есе жіберіп, екінші орынды иеленді. Желесіміз  қашықтықты 1 сағат 3 минут 23 секундта бағындырып, нәтижесінде өз жеке рекордын жаңартты.

Бақтиярдан басқа чемпионатта жеңіл атлеттер Владимир Беккер, Фархат Кустаубаев, Ерлан Суйвалиев, Нұрсұлтан Күлдиев, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Яна Серебрикова мен Ольга Хижникова, спорт шеберлері Анастасия Соловьева мен Елена Путинцовалар өнер көрсетіп, жақсы көрсеткіштермен ерекшеленді.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

15 − 1 =