ҮСТЕЛ ТЕННИСШІЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

ҮСТЕЛ ТЕННИСШІЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ


Өзбекстанның Әндіжан қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында үстел теннисінен халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Жарысқа  ТМД елдерінен 50-ден астам спортшы қатысты.

Қазақстандық теннисшілер турнирдің үздік үштігіндегі ойыншылар қатарынан көрінді. Жұптық ойындарда қазақстандықт Данияр Ескендіров пен Қанат Қоңқыбаев күміс медальға ие болды. Сондай-ақ Данияр Искендиров жеке сайыстар бойынша бәсекелестікте, қола медальға  қол жеткізді.

Қазақстан командасын аға жаттықытрушы Серик Данияров басқарды.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

15 + fifteen =