XXIII Сурдлимпиялық жазғы ойындар Самсун қаласында (Түркия) 18–30 шілде аралығында өтеді. – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

XXIII Сурдлимпиялық жазғы ойындар Самсун қаласында (Түркия) 18–30 шілде аралығында өтеді.

XXIII Сурдлимпиялық жазғы ойындарда спортшылар 21 спорт түрінен сайысатын болады (олардың 16 жек, 5 — командалық). Төртжылдықтың басты сөрелерінде әлемнің 100 елінен, есту қабілеті бұзылған шамамен 3 мыңнан астам спортшы қатысты, ол осы санаттағы адамдар үшін спорт жарыстары тарихындағы рекордтық көрсеткіш болып саналады. Небәрі Қара теңіз жағалауында спорттың 21 түрінен медальдар ойнатылады. Жарыстар Самсун провициясының 37 стадионында және 8 ауданында өтеді. Аталған шараға қазақстандық атлеттер де қатысады. Елімізден осы жарыстарға спорттың 9 түрінен 50 спортшы қатысады. Сурдлимпиялық ойындарға қатысу үшін, атлеттің «жақсырақ еститін» құлағының жоғалтылған есту қабілеті кем дегенде 55 дБ болуы тиіс екендігін атап өткен жөн. Бұл ретте есту сигналдары қолданылмайды, олардың орнына визуалды сигналдар қолданылады.

Спортшылармен бірге «Каzsport» республикалық телеарнасының шығармашылық тобы жүреді. Оқиға орнынан ең қызықты және маңызды сәттерді жаңалықтардан, SPORT.KZ бағдарламасынан және спорттық телехабарлардың арнайы репортажынан көруге болады. Сіздерден сонымен қатар есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған басты спорт іс-шарасын назарсыз қалдырмауды және жерлестерімізге ақпараттық қолдау көрсетуіңлерізді сұраймыз!


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

1 × 4 =