2019 жылғы 13-14 мамыр аралығында Баку қаласындағы (Әзірбайжан) Гейдар Алиев атындағы спорт кешенінде пара дзюдодан 2019 жылғы Гран-При IBSA халықаралық турнирі өтті. Ол 2019-2020 жылдары өтетін төрт Гран-При сериясына кіреді.
Турнирге әлемнің 36 елінен 240-тан астам дзюдоист қатысты.
Қазақстан атынан төрт салмақ дәрежесі бойынша 7 спортшы өнер көрсетті. Қызылорда облысының спортшысы әлем чемпионы Оразалыұлы Олжас 60 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальды жеңіп алды.
Токио-2020-да біліктілік ұсынудан бөлек, жарыс сондай-ақ осы жылы өтетін өңірлік Чемпионаттарға дайындықтың маңызды бөлігі болып саналады.