Венгрияда пара пауэрлифтингтен Әлем кубогы аяқталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Венгрияда пара пауэрлифтингтен Әлем кубогы аяқталды


Қазақстан құрама командасы 2019 жылғы 25-28 сәуір аралығында Эгер қаласында (Венгрия) пара пауэрлифтингтен өткен Әлем кубогына қатысты.

Аталған жарысқа 28 елден 118 спортшы қатысты. 28 медаль жиынтығы ойнатылды.

Қазақстан атынан өкілдік еткендер 4 спортшы – Буймов Захар, Аханова Анар, Дүйсебаева Роза, Шакиев Станислав, сондай-ақ аға жаттықтырушы Царенко Дмитрий.

Буймов Захарды 49 кг салмақ дәрежесінде юниорлар арасында жеңіп алған алтын медальімен құттықтаймыз.

Медальдық есеп бойынша жастар арасында Қазақстан командасы 2-орынға қол жеткізді.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

18 − 3 =