Астана қаласында волейболды отырып ойнаудан Қазақстан Республикасы чемпионатының 3 кезеңі басталды. Жарыс қарашаның 17-19 аралғында өтеді. Чемпионатқа еліміздің 8 өңірінің командалары қатысады.
Қазақстан чемпионатының алғашқы кезеңі маусым айында, ал екінші кезеңі қыркүйекте өткен болатын.
Жарыстың нәтижесі бойынша үздік өнер көрсеткен спортшылар ұлттық құрама сапыны алынады.
Финалдық ойындарды 19 қараша күні тікелей эфирде «QSPORT» және «Setanta Qazaqstan» арналарынан тамашалауға болады. Басталуы сағат 10.00-де.