2017 жылғы 22-26 қараша аралығында Шецин қаласында (Польша) жүзуден (пара) Халықаралық ашық турнир аяқталды. – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

2017 жылғы 22-26 қараша аралығында Шецин қаласында (Польша) жүзуден (пара) Халықаралық ашық турнир аяқталды.


Қазақстан спортшысы Далиев Сиязбек баттерфляй стилі бойынша 50 м қашықтықта бірінші орынды және брасс стилі бойынша 50 м қашықтықта бірінші орынды иеленді, арқамен жүзуде 100 м қашықтықта алтын медаль иегері атанды. Нәтижесінде Астана қаласынан қатысқан спортшы жоғары орындарымен бізді тағы да қуантты, ол 100 м қашықтыққа арқамен жүзуде және 50 м қашықтыққа арқамен жүзуде екі күміс медальды иеленді.

Токио қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия паралимпиялық ойындарынан екі күміс және екі қола төрт (!) медалімен оралып бүкіл Қазақстанды (ал бұған дейін Жапонияда барлығын) таңқалдырған спортшы.

Ол Қазақстан құрамасындағы Астана қаласының жалғыз өкілі болды. Сиязбектің жаттықтырушысы мен тәлімгері Владимир Загородний .

Біздің Сиязбек жүзуге екі қолсыз қатысқан жалғыз спортшы болды2009 жылдың 2 желтоқсанында Алматы қаласының Абай атындағы Опера және балет театрында «Алтын адам-2009» сыйлығын табыстау салтанаты өтті. Астаналық спортшы Сиязбек Далиев «Жыл спортшысы-2009» номинациясында жеңімпаз атанды. Сиязбекті Қазақстанның барлық өңірлерінен адамдар жалпы дауыс беру нәтижесі арқылы таңдады.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

2 × five =