2019 жылғы қарашаның 2 мен 16 аралығында Дубайда (Біріккен Араб Эмираттары) пара жеңіл атлетикадан Әлем Чемпионаты аяқталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

2019 жылғы қарашаның 2 мен 16 аралығында Дубайда (Біріккен Араб Эмираттары) пара жеңіл атлетикадан Әлем Чемпионаты аяқталды


2019 жылғы қарашаның 2 мен 16 аралығында Дубайда (Біріккен Араб Эмираттары) пара жеңіл атлетикадан Әлем Чемпионаты аяқталды. Біз атлеттерімізді сәтті нәтиже көрсетулерімен құттықтаймыз. Жарысқа еліміздің атынан 6 спортшы – Мансұрбаев Равиль, Бақберген Қолғанат, Сәлімов Ислам, Залезняк Иван, Елібаев Бағдат, Мұқашбеков Дастан қатысты.

Әлем Чемпионатына 120 елден 1600 спортшы қатысты. Қытай спортшылары 1-орынға (59 медаль), Бразилия – 2 орын (39 медаль), Ұлыбританияның спортшылары 3-орынға иеленді. Әлем Чемпионатының қорытындысы бойынша Дубай қаласында (БАӘ) Қазақстан құрамасы медальға қол жеткізе алмады. Нәтижелері:
Ислам Сәлимов T13 (ұзындыққа секіру) – 6 орын, 6,66
Равиль Мансұрбаев F46 (ядро лақтыру) – 7 орын, 14,53
Қолғанат Бақберген F46 (диск лақтыру) – 13 орын, 38,45
Иван Залезняк F36 (ядро лақтыру) – 11 орын, 11,24
Дастан Муқашбеков F36 (ядро лақтыру) – 9 орын, 12,20
Бұл Чемпионат Токио-2020 XVI жазғы Паралимпиадалық ойындардың қарсаңында осы жылдың негізгі бастамасы болды. ⠀

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

7 − six =