Қарағандыда 29-30 мамыр аралығында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында таеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионты өтті. Жарысқа еліміздің 12 өңірінен 70-ке жуық спортшы қатысты.
Спортшылар жекелей және пумсе дисциплиналарында өнер көрсетті.
Жалпы командалық есепте:
1 орын – Қарағанды облысы;
2 орын – Павлодар облысы;
3 орын – Шымкент қаласы.
Айта кетсек, жарыста спортшылар ерлер -54 кг, -58 кг,-63 кг, -68 кг, -74 кг, -80 кг, -87 кг және +87 кг салмақта сыңға түссе, әйелдер -46 кг, -49кг, -53 кг, -57 кг, -62 кг, -67 кг, – 73 кг және +73 кг салмақ дәрежелерінде өнер көрсетті.