Қазақстанда пара-атлеттерге арналған алғашқы жүгіру мектебі ашылды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстанда пара-атлеттерге арналған алғашқы жүгіру мектебі ашылды

Қазақстанда алғаш рет протезбен жүгіретін пара-спортшылардың паралимпиадалық командасы жасақталды. Жаңа спорттық бағытты дамыту инновациялық технологиялар, қайырымдылық пен спорттың бірлескен ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды.

Жобаның негізгі қозғаушы күші «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен және  ҚР Ұлттық Паралимпиадалық комитеті мен  «Оttobock» халықаралық концернінің қазақстандық өкілі «Фармас» өндіруші компаниясы бірлесе «Қазақстан Республикасының спортшыларын пара-жеңіл атлетикаға дайындау және қатысу үшін спорттық және жүгіру протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету» қайырымдылық жобасы жүзеге асырылуда.

Жоба аясында «Қазақстан халқына» қоры жалпы сомасы 113,4 млн теңгеге 10 спорттық-жүгіру протездерін әзірлеуді қаржыландырды.

Жоба бастамашысы – Ұлттық паралимпиада комитетінің мәліметінше, Қазақстанның паралимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар құрылымында аяқ-қолының ампутациясы бар 70-ке жуық спортшы болса, оның тек бірлі жарымында ғана спорттық-жүгіру протезі бар. Осыған байланысты, оның ішінде спорттық протездердің қымбаттығына байланысты дәл бұл паралимпиадалық спорт түрі бойынша еліміз халықаралық деңгейде ұсынылмаған.

Әрбір протездік-ортопедиялық бұйым жеке болғанымен, бірақ спортшыны ауыстырған жағдайда оны жеке бөлшектерді ауыстырғаннан кейін салыстырмалы физикалық параметрлері бар аяқ-қол ампутациясы бар кез келген адам пайдалана алады.

Өз кезегінде Халықаралық паралимпиада комитеті спортшыларға арналған оқу-жаттығу жиынын ұйымдастыруға грант бөлді.

2023 жылдың 10-12 мамырда Алматы орталық стадионында бірнеше дүркін Паралимпиада чемпионы, Паралимпиада ойындарында 100 метрлік спринт жарысының жеңімпазы Генрих Поповтың жетекшілігімен «Running Clinic» жүгіру мектебі өткізілді.

Бүгінгі таңда Running Clinic Еуропа, Ресей, Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс, Азия және Австралия елдері сияқты 50 елде өтеді.

Паралимпиада ойындарының бағдарламасына кіретін 28 спорт түрінің 6-сы аяқ-қолдары ампутацияланған спортшылардың спорттық протездерді қолдануына мүмкіндік береді. Қазақстандық паралимпиадашылар үшін бұл жоба паралимпиадалық спорт түрінің бірі — «протезбен жүгіру»  бойынша қатысуға мүмкіндік береді.

 

Алайда, спорттық протез тек жоғары жетістіктер спортында ғана қолданылмайды, сонымен қатар спорттық дайындығы жоқ ампутациясы бар азаматтарды оңалту және кардио жаттығулары үшін өте пайдалы. Сондықтан Running Clinic мақсаты – ампутацияланған адамдарға қозғалыс еркіндігін қалпына келтіру дағдыларын үйрету, олардың тәуелсіздігі мен өмір сүру сапасын жақсарту, белсенді ету.

Команданың қатысушылары арасында протезбен жүгіруді жаңадан бастаған, тиісті дағдылары жоқ азаматтармен бірге осы спорт түрінде тәжірибесі бар, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командасындағы адамдардан құралды. Қатысушыларға алғашқы қадам жасаудан бастап жаттығуларға дейінгі протездік техниканы үйрену тәсілдері ұсынылады.

Жүгіру мектебінің қорытындысы бойынша спортшылар 13-17 мамыр аралығында Алматы қаласы орталық стадионында өтетін Қазақстан Республикасының VI Паралимпиада ойындарына қатысады.

Дереккөз: Қазақстан халқына қоры 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

ten + eighteen =