Алматыда есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында бадминтоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 11 өңірінен 100-ден астам спортшы қатысты.
Чемпионатта ересектер, жастар және жасөспірімдер өнер көрсетті.
Командалық есепте ересектер арасында:
1 орын – Алматы облысы;
2 орын – Алматы қаласы;
3 орын – БҚО.
Жастар арасында командалық есепте:
1 орын – Алматы қаласы;
2 орын – Алматы облысы;
3 орын – БҚО.
Жасөспірімдер арасында командалық есепте:
1 орын – Алматы облысы;
2 орын – Алматы қаласы;
3 орын – Маңғыстау облысы.