Сурдо футзалдан әлем чемпионаты: Үшінші күннің жарқын нәтижелері – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Сурдо футзалдан әлем чемпионаты: Үшінші күннің жарқын нәтижелері


Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып жатқан сурдо футзалдан әлем чемпионатының кезекті күні де жарқын сәттерге, біз күтпеген нәтижелерге толы болды. Әр кездесу нағыз шайқас алаңы дерсің. Ойыншылар тек жеңіс үшін ғана емес, әлем чемпионаты тарихындағы өшпес із қалдырар орын үшін күресіп жүр. Алайда матч барысындағы есепті де, жеңіске жетер команданы да болжап айту біз үшін мүмкін емес.

Бұл байрақты бәсеке маусым айының 1-10 аралығында, елорда төріндегі Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өтетін болады.

56 секундта соғылған 2 гол Таиланд пен Өзбекстан арасындағы матчтың нәтижесін шешті

Турнирдің кезекті күні Таиланд пен Өзбекстан арасындағы кездесуден басталды. Бірінші  таймның жетінші минутында Таиланд командасы алғаш болып ойын есебін ашып, 2-1 алға озды. Матч аяқталуына санаулы минуттар қалғанда бәрі өзгерді: Өзбекстан командасы қарсылас қапталдағы ойыншыларды басып озып, сәтті шабуылдар мен нәтижелі пастардың арқасында жеңіс шыңына көтерілді. Үш минуттан астам уақыт ішінде олар шамамен 4 гол соғып, матчты 4-6 есебімен аяқтады. Осыған дейін Иранмен өткен кездесуде де  тайлар сенімді ойын жүргізіп бастағанымен, жеңіске жете алмаған еді. Бұл жолы да оқиға қайталанып, Өзбекстан елінің жеңісімен бітті.

Украина Оман командасынан басып түсіп, 4-2 есебімен жеңіске жетті

Бүгін Украина елінің спортшылары Оман командасымен сайысқа түсіп, тамаша нәтиже көрсетті. Соңғы 8 минутта есеп ашқан украиндықтар ойынның аяқталуына 3 минут қаларда тағы да доп тепті. 1-таймда көш бастаған сары көктер 2-таймда да тиісті ойын көрсетті. Омандықтар 1 гол соғып, барынша тырысып баққанымен Украина командасын қуып жетіп, есепті теңестіре алмады. Бұл олардың әлем чемпионатындағы үшінші жеңілісі.

Иран қарсыластарын тағы да жеңді

Бүгін ирандықтар тамаша дайындықтарының нәтижесін көрсетті. Олар 1 минутқа жетер жетпес уақытта алғашқы гол соқты. Ал 1 таймның өзінде-ақ 6 голды қоржынға салды. Бұл қарқынмен олар 2 таймда да орынды бермей, шамамен әр 2 минут сайын есепті толықтырып, нәтижесінде 1-14 есебімен тарқасты.

Әлем чемпионатындағы Хет-Трик: Қазақстандықтар бұл жолы да мықтылардың қатарында.

Бүгінгі ойын Қазақстан мен Сауд Арабиясының тартысты бәсекесімен аяқталды. Бұған дейін 2 мәрте жеңісті қоржынға салғандар бұл кездесуде де барын салды. Екі мықты команда жеңіс үшін шайқаста өз шеберліктерін тағы бір мәрте дәлелдеп шықты. Алайда осы жолы Қазақстан ұлттық құрамасы басып озып, есепті 3-5 есебімен аяқтады.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

14 − eleven =