Сурдо футзал: Әлем Чемпионатының екінші күніне шолу – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Сурдо футзал: Әлем Чемпионатының екінші күніне шолу


Бүгін, 2 маусымда біз елімізде алғаш рет ұйымдастырылып жатқан сурдо футзалдан әлем чемпионатының кезекті ойын күніне куә болдық. Айта кетейік, тартысты турнир 1-10 маусым аралығында елорда төріндегі «Жекпе-жек» сарайында өтуде.

Бразилия құрамасының ойыншылары ирандықтардан есе жіберді

Бірінші ойын Бразилия мен Иран командалары арасындағы тартысты кездесуден басталды. Есеп ашқан бразилиялықтар алға озып, одан соң 1-таймды 1:1 есеппен аяқтады. Үзілістен соң, жағдай күрт өзгерді: Тең ойнап, доп тепкен Иран командасы басып озып, ойын есебін 1-5 аяқтады.

Сауд Арабия құрамасы Тәжікстаннан мықтырақ болды

Қазақстан ұлттық құрамасынан 36-1 есебімен жеңілген Тәжікстанның келесі қарсыласы Сауд Арабиясының аяқдопшылары болды. Олар тәжікстандықтарға гол соғуға мүмкіндік бермей, 0-12 есебімен тарқасты.

«Тәжікстан құрамасы-толық емес құрам. Онда тек бірнеше ойыншы бар және олар біраз қиындықтарға тап болды. Матчтар жақсы өтеді деп үміттенеміз және біз есту қабілеті зақымданған адамдар үшін спортты дамытуға қолдан келгеннің бәрін жасаймыз деп ойлаймын.»,- дейді Тәжікстан командасы. Белгілі болғандай, олар Тәжікстандағы есту қабілеті зақымданған жалғыз команда болып шықты.

Кезекті жеңіс: Қазақстандықтар Оман командасын ұтты

 

Ұлттық құраманың кешегі үздік жеңісінен кейін олардың көрсетер бүгінгі ойыны да қызу болатынына үлкен үміт бар еді. Айтқандай-ақ, солай болды. Ойынның соңғы 5 минуты жанкүйерлерді де бапкерлерлерді де әбден қобалжытты. Матч тең аяқталар еді. Алайда, Қазақстан командасы сапындағылар нәтижелі гол соғып, ойынды 3-4 есебімен сәтті аяқтады.

Әзірбайжан Өзбекстанға жол берді

Сурдо футзалдан Әлем чемпионатының екінші күні Өзбекстан мен Әзірбайжан арасындағы ойынмен аяқталды. Өзбекстандық команда бірінші матчта көш бастап, соңғы 7 минутта қарсылас қақпаға 5-тен астам гол соқты. Ойын 16-2 есебімен аяқталды.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

10 − 7 =