2019 жылғы 1-16 маусымда жеңіл атлетикадан (пара) халықаралық турнир алдындағы оқу-жаттығу жиыны өтті.
Аға жаттықтырушы Ю.Мощеевтің жетекшілігімен, жиынға Қызылорда облысының спортшысы Бақберген Қолғанат қатысты.
ОЖЖ-ның негізгі мақсаты найза лақтыру техникасын жетілдіру, шапшаңдықты, жарылыс күшін және найза лақтыруды дамыту, күштік даярлық, созылуға және икемділікке жаттығулар жасау, шапшаңдық-күштік қасиеттерді дамыту және басқалары болып табылады.