Ақтөбеде сурдоспортшылар арасында шахматтан Қазақстан чемпионаты өтуде – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Ақтөбеде сурдоспортшылар арасында шахматтан Қазақстан чемпионаты өтуде


Ақтөбе қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.

Чемпионатта еліміздің 13 өңірінен 70-ке жуық шахматшы бақ сынауда. Жарыс ересектер және жастар арасында өтіп жатыр.

«Сурдо спортшылар арасында шахматтан ел чемпионаты жыл сайын өтеді. Елімізде  шахмат  приоритетті спорт түрлерінің қатарына кіреді. Біздің басты мақсат еліміздің мықтыларын анықтап, ұлттық құрамаға іріктеу. Бұл чемпионатта спортшылар қазір рапидтен, классикалық стильден ойын көрсетіп жатыр. Жарыстың соңғы күндері спортшылар блицтен бақ сынайтын болады», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының бас шахматтан жаттықтырушысы Максим Рожков.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

4 × one =