Берлин қаласында (Германия) пара жүзуден өткен Әлем кубогында Қазақстан құрамасы 33 медальға қол жеткізді. Қазақстан құрама командасы ерекше қажеттілікті талап ететін адамдар арасында жүзуден Германияда өткен Әлем кубогында сәтті өнер көрсетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Берлин қаласында (Германия) пара жүзуден өткен Әлем кубогында Қазақстан құрамасы 33 медальға қол жеткізді. Қазақстан құрама командасы ерекше қажеттілікті талап ететін адамдар арасында жүзуден Германияда өткен Әлем кубогында сәтті өнер көрсетті


Берлин қаласында (Германия) пара жүзуден Әлем кубогы аяқталды. Әлем кубогы 2018 жылғы 7-10 маусым аралығында Берлиннің Олимпиадалық жүзу бассейнінде өтті. Әлем кубогында әлемнің 47 елінен мықты спортшылар және Қазақстаннан 19 спортшы қатысты! Төрт күн қатарынан қазақстандық жүзушілер әлемнің 47 елінің мықты спортшыларымен сайысқа түсті! Әлем кубогында пара жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасы 13 алтын, 7 күміс және 13 қола медальға қол жеткізді.  Оның ішінде командалық эстафеталарда 4 алтын және 1 күміс медаль және барлық спортшылар үшін абсолютті категорияда Зүлфия Габидуллина мен Наталья Звягинцова 1 қола медальдан иеленді. Ең көп марапатты құраманың көшбасшысы Зүлфия Габидуллина жеңіп алды. Бұл осы беделді чемпионатта соңғы үш жыл қатысу барысында біздің команда көрсеткен үздік нәтиже.Қазақстандық құраманың 19 спортшысының барлығы дерлік медальмен оралатын болады. Ал әлем чемпиондары Зүлфия Габидуллина мен Наталья Звягинцева аса ерекшеленді. Екеуі де өз сыныптарында қарсыластарын жеңіп қана қоймай, сонымен қатар абсолютті біріншіліктен өтіп, қола медальдарға қол жеткізді.

 

Ең көп марапатты құрама көшбасшысы Зүлфия Габидуллина жеңіп алды. Оның марапаттарының қатарында 100 метр қашықтықта еркін стильмен жүзуде жеке есебінде алтын медаль және «Masters-1» жас категориясында алтын медаль бар. «Masters-2» категориясында және әйелдер арасында еркін стильде 400 метр қашықтықта командалық эстафетада күміс медальдарды иеленді. Арқамен жүзуде 50 метр қашықтықта абсолютті категорияда қола медальға қол жеткізді.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

four × one =