«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК 2017 жылғы 16 қазанда «Қазақ тілінің латын әліпбиіндегі жобасын талқылау» тақырыбына арналған «Дөңгелек үстел» өткізді. – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК 2017 жылғы 16 қазанда «Қазақ тілінің латын әліпбиіндегі жобасын талқылау» тақырыбына арналған «Дөңгелек үстел» өткізді.


«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК 2017 жылғы 16 қазанда «Қазақ тілінің латын әліпбиіндегі жобасын талқылау» тақырыбына арналған «Дөңгелек үстел» өткізді.
«Дөңгелек үстел» жұмысында қоғамдастық пен БАҚ өкілдері қатысты, атап айтқанда: «Нұр Отан» партиясының ардагері, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бас консультанты, саяси ғылымдарының докторы, профессор Жексембекова Венера Абыханқызы; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының тағылымгері Оразғалиева Майя; № 20 орта мектеп директорының ғылым жөніндегі орынбасары Жүнісова Ардақ Советқызы; «Мәдениет, спорт және ақпарат жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалының маманы Иманқұлов Абай Полатұлы; «Қазақстанның Ұлттық Паралимпиялық Комитеті» ҚБ директорының көмекшісі Меруерт Тлебалды; «Жігер» спорт клубының өкілдері: директорының орынбасары Шалхыбаева Гүлмира, маманы Айтқожин Жанат; «Жас-Нұр» саңыраулар қауымдастығы» ҚБ сурдоаудармашысы Мұхаметқали Еркін; «Спорт» апталық газетінің журналисті Дүйсенов Нариман Сәлімгерейұлы; сондай-ақ Орталықтың жұмыскерлері мен спортшылары. «Дөңгелек үстелге» қатысушылардың жалпы саны 28 адам.

Қазақ тілінің латын әліпбиіндегі жобасын талқылау:

Дөңгелек үстелге қатысушылар, сондай-ақ «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК директоры А.К. Тюмтеев өз сөзінде Қазақ тілінің латын әліпбиіне ауысуының мақсаты туралы және тақырыптың патриоттық бағыты мен талқыланып отырған мәселенің спортпен байланысы туралы мәселеге егжей-тегжейлі тоқталып өтті.

Аталған мәселе бойынша (артықшылықтары, кезең-кезеңмен ауысу туралы) «Нұр Отан» партиясының ардагері, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бас консультанты, саяси ғылымдарының докторы, профессор Жексембекова Венера Абыханқызы сөз сөйледі;

Оқу-білім беру тұрғысынан латын әліпбиіне ауысу тақырыбына қатысты № 20 орта мектеп директорының орынбасары Жүнісова Ардақ Советқызы өз ойын қосты;

Кәсіподақтар тұрғысынан аталған мәселе бойынша «Мәдениет, спорт және ақпарат жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалының маманы Иманқұлов Абай Полатұлы өз ойын білдірді;

Аталған мәселенің спорт саласына қатысты көрінісіне, жүзуден ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, жоғары ұлттық дәрежедегі төреші В.К. Загородний тоқталды;

Латын әліпбиіне ауысудың саңыраулар үшін оқу жеңілдігін беретіндігі туралы өз сөзінде «Жас-Нұр» саңыраулар қауымдастығы» ҚБ сурдоаудармашысы Мұхаметқали Еркін тоқталып өтті;

Латын әліпбиіне ауысудың мерзімдері мен мәселенің қаржылық тұсына қатысты«Қазақстанның Ұлттық Паралимпиялық Комитеті» ҚБ директорының көмекшісі Меруерт Тлебалды сауал қойды;

Аталған мәселе бойынша өз ойын «Спорт» апталық газетінде тәжірибе алып жүрген жас журналист Дүйсенов Нариман Сәлімгерейұлы білдірді;

Латын әліпбиіне ауысуға қатысты стандарттар мен бағдарламаларды әзірлеу қажеттілігі туралы өз сөзінде «Жігер» спорт клубы директорының орынбасары Шалхыбаева Гүлмира айтып өтті.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

eighteen + six =