«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» АҚФ өкілдерімен бірлесіп Отан қорғаушы күніне орай іс-шара өткізді. – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» АҚФ өкілдерімен бірлесіп Отан қорғаушы күніне орай іс-шара өткізді.


«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» АҚФ өкілдерімен бірлесіп Отан қорғаушы күніне орай іс-шара өткізді. Іс-шара бағдарламасында «Асық ату» және «Бес тас» атты қазақтың ұлттық ойындары болды, сондай-ақ жарысқа қатысушылар екі командаға бөлініп, волейбол ойнау мүмкіндігіне ие болды. Мерекенің спорттық іс-шараларының басты ұйымдастырушылары: директордың жоғары жетістіктер спорты және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Р.Т. Қайрбаев, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» АҚФ өкілдері: Қожахметов Ш.Ш., Мұсаев Ж.К, Балтаева Ә.С., Сердембаева К.Ф. болды. «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК ұжымы іс-шара ұйымдастырушыларының бастамасын үлкен ынтамен қабылдады.

Отан қорғаушы күнін мерекелеудің негізгі мақсаты – ел азаматтарын отансүйгіштікке тәрбиелеу және Қарулы Күштердің беделін арттыру. Отан қорғаушы күнін мерекелеу жалпыұлттық және бұқаралық сипатқа ие болуы тиіс. Халықтың азаматтық бөлігіне аталған мерекені ерлер күні, «Ерлік», «Абырой» және «Айбындылық» күні ретінде түсінулерін дарыту маңызды.

Мерекенің міндеттері:

– азаматтар мен өскелең ұрпақтың санасына Отанды қорғау бойынша борыштың қасиеттілігін бекіту;

– қазақстандық әскердің ерлік, айбындылық дәстүрлерін, ел азаматтарының жоғары адамгершілік қасиеттерін дәріптеу;

– азаматтарға елі үшін мақтаныш сезімін дарыту, отансүйгіштік және Отан игілігі үшін жасампаз еңбекке ұмтылу;

– халықтың санасында аталған мейрамды барлық қазақстандық ер-азаматтарға құрмет көрсету күні ретінде қалыптастыру болуы тиіс.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

11 − five =