Дзюдодан (пара) Әлем чемпионатының қорытындылары – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Дзюдодан (пара) Әлем чемпионатының қорытындылары


2018 жылғы 13-21 қараша аралығында Одивелаш қаласында (Португалия) пара дзюдодан Әлем чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа әлемнің 42 елінен спортшылар қатысты.

Бірінші орынды Корея спортшылары, екінші орынды Украина спортшылары,  үшінші орынды Әзірбайжан спортшылары иеленді.

Қазақстан атынан 8 спортшы өнер көрсетті: Оразалыұлы Олжас, Сариев Әнуар 60 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде; Тұрымбетов Азамат, Нокушев Азамат 66 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде; Дәулет Теміржан, Шамей Ерғали 73 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде; Ташекенов Темірболат 81 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде; Кенжебай Айдана 70 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде.

Шымкент қаласының спортшысы Тұрымбетов Азамат 66 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 9-шы орынды иеленді.

Қызылорда қаласының спортшысы Олжас Оразалыұлы 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иегері атанды.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

16 + eleven =