Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында жүзуден өткен Халықаралық турнирдің қорытындылары – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында жүзуден өткен Халықаралық турнирдің қорытындылары


2018 жылғы 16-18 қараша аралығында Познань қаласында (Польша) есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында жүзуден Халықаралық турнир өтті.

Аталған жарысқа 6 елден: Ресей, Украина, Белоруссия, Латвия, Польша және Қазақстаннан спортшылар қатысты.

Бірінші орынды Ресей спортшылары, екінші орынды Украина спортшылары,

үшінші орынды Белоруссия спортшылары иеленді.

Қазақстан командасының атынан Қарағанды қаласының спортшысы Фрундин  Виктор Борисович өнер көрсетті.

В.Б. Фрундин 100 м қашықтықта арқамен жүзуде 1:14:42 нәтижесімен 4-ші орынды,  50 м қашықтықта еркін стильде 27.50 нәтижесімен 6-шы орынды және 100 м қашықтықта еркін стильде 1:03.69 нәтижесімен 7-ші орынды иеленді.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

16 + 11 =