8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні


Бүгін, Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының ер азаматтары әйелдер ұжымын  Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Шара барысында Орталықтың директоры Мейрамбек Махамбетов сөз сөйлеп, тілегін білідірді.

«Сіздерді ару көктемнің шуақты мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып жүре беріңіздер. Ғұмырларыңыз бақытты да баянды болсын.  Сіздерге айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер еш уақытта толастамасын. Деңдеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, отбасыларыңызға құт-береке тілеймін! Спорт саласын арттыру жолындағы еңбектеріңіздің берекесі арта берсін!», – деді Орталықтың директоры.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

2 × three =