Орталық Азия елдерінің есту қабілеті төмен мүгедектері арасында жеңіл атлетикалық көпсайыстан өтетін халықаралық турнир 2017 жылғы 13-16 қараша . – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Орталық Азия елдерінің есту қабілеті төмен мүгедектері арасында жеңіл атлетикалық көпсайыстан өтетін халықаралық турнир 2017 жылғы 13-16 қараша .


Орталық Азия елдерінің есту қабілеті төмен мүгедектері арасында жеңіл атлетикалық көпсайыстан өтетін халықаралық турнир 2017 жылғы 13-16 қараша аралығында Бішкек қаласында (Қырғызстан) өтеді. Жарыстар жеке жарыс түрінде өтеді. Қазақстаннан, Өзбекстаннан және Қырғызстаннан шақыртылған командалар қатысады. Көпсайыс бойынша халықаралық турнирде, жақсы еститін құлағының есту қабілетінің жоғалуы 55 децибелден кем болмайтын (1964 жылғы ICO стандарттарына сәйкес, 500, 1000 және 2000Гц кезіндегі үннің орташа жиілігі) және 18 жастан асқан спортшылар қатысады.

Халықаралық турнирдің мақсаттары мен міндеттері:

– есту қабілеті төмен спортшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;

– есту қабілеті төмен спортшылар арасында достық спорттық байланыстарды нығайту;

– есту қабілеті төмен спортшылар арасында спорттың жылдамдықты-күштік түрлерін дәріптеу;

– спорттық шеберлікті арттыру.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

three − 1 =