Орталықтың қызметкерлері «Үлкен спорттағы допинг мәселесі» тақырыбында мастер-класс өткізді – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Орталықтың қызметкерлері «Үлкен спорттағы допинг мәселесі» тақырыбында мастер-класс өткізді


Бүгін Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының мамандары  Азамат Нурмаханов пен Нұрсұлтан Еникеев «Үлкен спорттағы допинг мәселесі» тақырыбында онлайн мастер-класс өткізді.

Іс-шара мүгедектігі бар спортшылармен жұмыс жүргізетін өңірлердегі спорттық клуб қызметкерлері, жаттықтырушылар, спортшылар және спортқа қызығушылық танытқан өзге де тұлғаларға арналды. Бір сағаттан астам уақытқа  созылған онлайн мастер-классқа 97  адам қатысты.

Онлайн іс-шара барысында доппингке қарсы іс-шаралардың тәртібі мен өзекті мәселелері, ондағы терапиялық жағдайда қабылданатын медициналық заттардың ерекешеліктері  сынды сұрақтар қозғалды. Спикерлер өз кезегінде қатысушылардан түскен бірқатар сауалдарға жауап беріп, жан-жақты түсіндіріп өтті.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

13 + 14 =