Пара таеквондошылар әлемдік Гран-приде жүлделі орынға ие болды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара таеквондошылар әлемдік Гран-приде жүлделі орынға ие болды


Болгарияда пара таеквондодан «София – 2022» Гран-при турнирі өтті. Жарысқа  әлемнің 25 мемлекетінен 85 спортшы қатысты. Бұл Париж-2024 Паралимпиада ойындарының алдындағы ірі квалификациялық жарыс болды. Турнирде ел намысын 4 спортшы қорғап, 2 қола жүлдеге ие болды.

Ерлер арасындағы  +80 келі салмақтағы бәсекеде  өнер көрсеткен Нышан Өмірәлі қола медальді жеңіп алды. Тартыста ол  Жапония  елінен келген таеквондошыны жеңіп, жартылай финалда Өзбекстан спортшысына есе жіберді. Ал, әйелдер арасында Кәмиля Досмалова -57 келі салмақта жартылай финалда Түркия спортшысымен түскен сында есе жіберіп, қола медальға қол жеткізді.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

one × 1 =