Пара үстел теннисінен жастар арасында Қазақстан чемпионатының мықтылары анықталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара үстел теннисінен жастар арасында Қазақстан чемпионатының мықтылары анықталды


Қарағанды қаласында 1-5 сәуір аралығында пара үстел теннисінен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Жарысқа еліміздің 9 өңірінен 45 спортшы қатысты.

Командалық есепте:

1 орын – Атырау облысы;

2 орын – Қарағанды облысы;

3 орын – Түркістан облысы.

 

«Жастар арасында пара үстел теннисі елімізде қарқынды дамып келеді. Осындай ел чемпионаттары ішкі резервімізді қалыптастыруға, ел намысын қорғайтын болашақ чемпиондарды жасақтауға үлкен септігін тигізеді. Қазіргі таңда жастар арасында 26 спортшы ұлттық құрама сапында болса, алдағы уақытта спортшылардың саны артады деген ойдамыз», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының пара үстел теннисінен команда басшысы Ерлан Дусмаилов.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

5 × one =