Пара жүзушілер Қырғызстанда дайындықтан өтіп жатыр – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара жүзушілер Қырғызстанда дайындықтан өтіп жатыр


Шолпан-Ата қаласында пара жүзушілер оқу-жаттығу жиындарын бастады. Жиынға еліміздің 6 спортшы қатысып жатыр: Сиязбек Далиев, Андрей Афанасьев, Роман Агалаков, Сергей Кинах, Мансурбек Ибрашев және Роман Потапов.

Жиынның басты мақсаты: 8-18 маусым аралығында Португалияның Фуншал қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындалу.

«Әлем чемпионатына дайындық екі кезеңге жоспарланған. Алғашқы кезеңі Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Екінші кезең Қырғызстанда орналасқан таулы өлкедегі спорттық базада өтуде. Оның басты мақсаты ауа қысымы жоғары өлкеде спортшылардың  жаттығу тиімділігін арттырып, төзімділігін жоғарлату. Қазір спортшылар тыңғылықты дайындалып, бар күш жігерін салып, тер төгуде», – деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының аға жаттықтырушысы  Сәния Асулова

Дайындықтар басты серіктес «SportQory» қолдауымен өтті.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

five × 4 =