Павлодарда таеквондодан оқу-жаттығу жиындары өтуде – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Павлодарда таеквондодан оқу-жаттығу жиындары өтуде


Павлодарда есту қабілеті төмен спортшылар арасында таеквондодан оқу-жаттығу жиыны өтуде. Жаттығулардың басты мақсаты, биыл қараша айында Иранда өтетін әлем чемпионаты алдында спортшыларды дайындау. Оқу-жаттығуға еліміздің өңірлерінен келген 10 үздік спортшы қатысуда. Оның ішінде 2017 жылғы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы, таеквондошы Аян Әбдіраш те бар.

Айта кетейік, оқу-жаттығу жиыны қазан айының 1-нен басталып, ағымдағы айдың 14-не дейін жалғаспақ.