Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК-ның бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялау – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК-ның бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялау

Конкурстардың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК (бұдан әрі – Орталық) келесі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. референт, С2 категориясы (1 бос орын)

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, қазақ және орыс тілдерін білу, жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес.

Категория Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
  min max
С2 59 957 75 141

2. әдіскер, В2-4 категориясы (2 бос орын)

         Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, педагогикалық білім беру саласындағы (дене шынықтыру және спорт) жұмыс өтілі 2 жылдан жоғары.

Категория Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
  min max
В2-4 110 104 132 982

3. Бейне-аппаратура инженері, С2 категориясы (1 бос орын)

          Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, арнайы орташа техникалық білімі болуы тиіс, аталған саладағы жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес.

Категория Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
  min max
С2 101 655 127 399

Аталған барлық бос орындар бойынша конкурстың барлық қатысушыларында келесі құзыреттердің болуы міндетті: жауапкершілік, коммуникативтілік, зейінділік, ұйымшылдық, сыбайлас жемқорлыққа деген төзімсіздік. Сондай-ақ кандидатта өзінің функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті білімдердің болуы тиіс.
Орталықтың негізгі қызметі дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың жыл бойы орталықтандырылған спорттық даярлануын, сондай-ақ оқу-жаттығу процесін және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізуге және қамтамасыз етуге бағытталған.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларда келесі құжаттар болуы тиіс:
1) қоса берілген құжаттар тізбесі көрсетілген, Орталық директорының атына жазылған, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес, білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулықтың жай-күйі туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);
7) сотталғандықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы, құжаттарды конкурс қатысушысына қайтару үшін негіз болып саналады.
Конкурсқа қатысуға талаптанатын тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурстың өтетіндігі туралы хабарландыру шыққаннан кейін, күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырылады. Құжаттар 2018 жылғы 18 маусым 17.00 сағ. дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Григорий Потанин көш., 9, «О*Азамат» БО, 8-қабат, 803 каб., электрондық мекенжайы: Rchinsport@mail.ru, тел.8(7172)57-31-88.

«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК директоры

___________________________
_________________________
___________________________

 

ӨТІНІШ

   
Мені  ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Бос лауазымға орналасуға арналған конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығы үшін жауаптымын.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекенжайы және байланыс телефоны __________________________________
______________________________________________________________________

 

_______________                         _______________________________
(қолы)                                                                               (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

«____»_______________ 20__ ж.

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

11 + 16 =