Қазақстан сурдо дзюдо командасы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан сурдо дзюдо командасы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды


Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде спортшылар ката және командалық бәсеке бойынша өзара мықтыны анықтады.

Сурдо дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасы командалық жарыста әлем чемпионы атанды. Ұлттық құрама спортшылары финалда Украина спортшыларын 2:1 есебімен жеңді. Ал ерлер арасындағы командалық жарыстың қола жүлдесіне Оңтүстік Корея құрамасы ие болды.

Әйелдер арасындағы командалық чемпионатта Украина дзюдошылары қарсылас шақ келтірмеді. Оңтүстік Корея әйелдер құрамасы ІІ орынға, Қазақстан әйелдер құрамасы ІІІ орынға жайғасты.

Әлем біріншілігінде сурдо ката санаты бойынша ел намысын қорғаған Еркін Сұлтанбаев пен Игорь Корман әлем чемпиондары атанды. Оңтүстік Корея құрамасының спортшылары – күміс жүлдегер, ал Украина құрамасы үздік үштікті қорытындылады.

Айта кетерлігі, Қазақстан, атап айтқанда Түркістанда тұңғыш рет сурдо спорты бойынша әлем чемпионатын қабылдады. Есту қабілеті төмен спортшылар арасында өткен әлем чемпионатының жекелей сайысында Қазақстан құрамасы 3 алтын, 6 күміс және 4 қола жүлдені жеңіп алды.

Алтын: Алтынбек Какитаев (66 кг), Шадияр Қуандық (73 кг), Тоқтарбек Айдарбек (-100 кг)

Күміс: Дина Иржанова (57 кг), Ерсін Болатов (60кг), Нұрмұхаммед Әлдібек (66 кг), Айдос Түгелбаев (90 кг), Анна Краморова (-78 кг), Екатерина Чебышева (+78 кг).

Қола: Фериде Қараоғлы (52 кг), Анастасия Тимошенко (-70 кг), Еркебұлан Қанафин (-81 кг), Сабыржан Хапизов (+100 кг).


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

8 + fourteen =