Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты басталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты басталды


Бүгін Түркістанда есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында дзюдо күресінен әлем чемпионаты басталды. Елімізде тұңғыш рет өткізіліп отырған байрақты бәсекеге әлемнің 24 елінен 200-ден астам спортшы келді.

Чемпионаттың ресми ашылу салтанаты «Olympic center» спорт кешенінде өтті. Іс-шараға Түркістан облысының әкімінің аппарат басшысы Әлімқұлов ЕркеғалиАмантайұлы, Халықарылық саңыраулар спорт комитетінің өкілі Антонио Дамиен,  Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті Шакуова Сәуле және Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директорының м.а Ержан Естаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

«Осындай ауқымды шараны ұйымдастыруға бізге сенім артқан халықаралық спорттық қауымдастығына алғыс білдіреміз. Бұл елімізде сурдлимпиадалық спорт түрлерінің дамуына жаңа серпін беріп, игі ықпал тигізері аңық. Қазіргі таңда елімізде кәсіби спортта 2200-ге жуық сурдо спортшы болса, оның ішінде 120-дан астамы дзюдо күресімен айналысады. Осы чемпионатты спортшыларымыз ел үмітін ақтап, биік мінберден көрінеріне сенімдімін», – деді Ержан Естаев.

Айта кетсек, дзюдо күресінен әлем чемпионаты 12-14 cәуір аралығында өтіп, Қазақстан құрамасы тарапынан 24 спортшы өнер көрсетеді.

Жарыстың алғашқы күнінде еліміздің спортшылары Шадияр Қуандық (73 кг), Алтынбек Кәкітаев (60 кг) алтын медаль, Әлдібек Нұрмұхаммед (66 кг), Дина Иржанова (57 кг), Болатов Ерсін (60 кг) күміс жүлде, ал Кара оглы Фериде (52 кг) қола медаль жеңіп алды.

 


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

twenty + thirteen =