Қазақстандық пара велоспортшылар тұңғыш рет әлем чемпионатына қатысты – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық пара велоспортшылар тұңғыш рет әлем чемпионатына қатысты


20-23 қазан аралығында Францияның Сен-Кантен-ан-Ивелин қаласында пара велоспорттан әлем чемпионаты өтті. Жарыста 14 мемлкеттің спортшылары бақ сынады.

Қазақстан командасы әлем чемпионатына тұңғыш рет қатысты. Ұлттық құрама сапында Сейтжан Кенжеғұл мен Сәулет Байтенов  өнер көрсетті. Олар тандемдік 3 дисциплинада  жарысты: жекелей жарыс, уақытқа және спринт.

«Қазақстандағы пара велоспорт дамып келеді. Алғашқы ел чемпионаты 2021 жылы өтіп, ұлттық құрама жасақталған болатын. Биыл  наурыз айында велошабандоздар Азия чемпионатында лайықты өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Осындай Азия және әлем чемпионаттарында өнер көрсеткен спортшыларымыз тәжірибе жинап,  алдағы уақыттағы үлкен жарыстарда жақсы нәтижелер көрсететіндігіне сенімдіміз», – деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Сұлтанбек Қаби.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

three × 3 =