Қазіргі уақытта еліміздің екі қаласында армрестлингтен оқу-жаттығу жиындары өтуде. Спортшылар 21 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Румыния астанасында өтетін пара-армрестлингтен әлем чемпионатына дайындалуда.
Тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті нашар спортшылар Риддер қаласында дайындықтан өтіп жатыр. Сондай-ақ есту қабілеті төмен спортшылар Нұр-Сұлтан қаласында жаттығып, шеберліктерін шыңдауда.
Оқу-жаттығу жиындарын аға жаттықтырушылар Заир Ахмедов пен Сергей Соколов басқарды.
Бухарестте өтетін әлем чемпионатына Қазақстаннан 20-ға жуық спортшының қатысуы жоспарлануда. Бағдарлама бойынша қатысушылар келесі класстар бойынша күреседі: PID, PIU, PIDH, PIUH, VI, HI.