Қазақстандық шахматшылар жеңіспен оралды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық шахматшылар жеңіспен оралды


Қазақстандық шахматшылар Қырғызстанда өткен Халықаралық турнирдің жүлделі орындарына ие болды. Жарыс есту қабілеті зақымдалған  спортшылар арасында өтті.

Турнир 15-18 қазан аралығында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтті. Ойындар 3 бағдарлама бойынша ұйымдастырылды: командалық турнир, жылдам блиц және рапид. Аталған бағдарламалар бойынша қазақстандық шахматшылар 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медальді жеңіп алды.

Құрама командаға Амангелді Наурызғалиев, Берік Нұрымов, Дмитрий Мочальский сынды спорт шеберлері кірді. Команданы аға жаттықтырушылар Максим Рожков пен Елдос Кузербаев басқарды.

Айта кетсек, Қазақстан спортшылары бұл халықаралық турнирге үшінші рет қатысып отыр.

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

16 − 3 =