Қазақстандық спортшылар пара оқ атудан әлем Кубогында өнер көрсетуде – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық спортшылар пара оқ атудан әлем Кубогында өнер көрсетуде


Германияның Мюнхен қаласында 14-19 шілде аралығында пара оқ атудан әлем Кубогі өтуде. Жарысқа 34 мемлекеттен 200-ге жуық спортшы қатысып жатыр.

Қазақстан құрамында 4 спортшы өнер көрсетуде:

1. Айсулу Джумабаева (P2, R5, R4, R11);
2. Бигайша Махаева (P2,P6);
3. Александр Пасхалиди (P1,P3,P6);
4. Айдос Жылкышинов (R4, R5, R11).

«Мюнхен қаласында пара оқ атудан әлемнің үздік спортшылары бас қосып, өнер көрсетіп жатыр. Бұл жарыс біздің спортшылар үшін өте маңызды. Себебі бұл Париж-2024 Паралимпиада ойындарының алдындағы ірі рейтингтік жарыс болып келеді. Бүгін турнирдің алғашқы күнінде спортшылар тартысты өнер көрсетуде. Айтулы додада спортшыларымыз ел намысын қорғап, жүлделі орынға ие болады деген ойдамыз», -деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Сұлтанбек Қаби.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

12 + 12 =