Қазақстандық таеквондошылар Пара Азия ойындарына жолдама алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық таеквондошылар Пара Азия ойындарына жолдама алды


2022 жылдың 24-27 мамыр аралығында Шарджа қаласында  (БАӘ) пара таеквондодан Пара Азия ойындарына іріктеу турнирі өтті.

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Лаос, Филипин, Тайланд, Жапония, Бахрейн, Ирак, Иран, Индия, Непал және  Монғолия мемлекеттерінен келген 70-ке жуық спортшы қатысты.

Турнирде ел намысын 7 спортшы қорғап,  жүлделі орындарға ие болды:

1 орын – Алишер Гариполлаев  (+ 80 кг);

2 орын –  Жанболат Қазиев (- 80 кг);

2 орын –  Милана Красавцева (-47 кг);

3 орын – Бауыржан Кушербаев (-63 кг);

3 орын – Нұрбек Жұмақан (-70 кг).

Оның ішінде А. Гариполлаев, Ж. Казиев және М. Красавцева Пара Азия ойындарына жолдама алды.

Айта кетсек, аталмыш ойындар төрт жылда бір рет өтетін дүбірлі дода болып келеді.  Кезекті жазғы IV-ші Пара Азия ойындары Қытай Халық Республикасының Ханчжоу қаласында өтуі жоспарланған.

Жарысқа спортшылар басты серіктес «SportQory» қолдауымен қатысты.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

13 − 2 =