Ұлттық құрама спортшылары Ханчжоу қаласына жиналуда – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Ұлттық құрама спортшылары Ханчжоу қаласына жиналуда


Бірер күннен кейін Қытай елінің Ханчжоу қаласында IV Азия Пара ойындары басталады.  Ел намысын қорғау үшін жарысқа аттанған спортшылар Ханчжоу қаласына жетіп, орналасып жатыр.

Байрақты бәсекеге 131- спортшымыз 14 спорт түрінен қатыспақ: пара жеңіл атлетика, бочча, пара пауэрлифтинг, шахмат,  пара жүзу, пара велоспорт, пара дзюдо, пара каноэ, волейболды отырып ойнау, пара таеквондо, пара садақ ату,  пара үстел теннисі, академиялық есу және пара оқ ату.

IV Азия Пара ойындары 22-28 қазан аралығында өтеді. Жарысқа 43 мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысуы жоспарлануда.

«Ханчжоуға міне енді жеттік, жолдан кішкене шаршадық. Оған қарамастан осындай үлкен жарысқа еліміздің атынан келгенімізге қуаныштымыз. Ел қоржына  көп медаль салуға барлық күшімізді саламыз», – деді пара пауэрлифтингтен халықаралық жарыстардың жүлдегері Рахметжан Хамаев.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

nineteen − 15 =