ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРА-ДОЙБЫШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСЫП ЖАТЫР – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРА-ДОЙБЫШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСЫП ЖАТЫР


Түркияның Анталия қаласында 19 қараша күні тірек-қыймыл аппараты бұзылған және көру мен есту қабілеті төмен спортшылар арасында «Дойбы-100»- ден әлем чемпионаты басталды. Дүбірлі додада Қазақстан, Түркия, Ресей, Германия, Украина, Польша, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінен жиналған  60-тан астам спортшы бақ сынамақ.

Қазақстан құрамасы сапында 11 спортшы өз шеберлігін көрсетпек. Көру қабілеті төмен және тірек-қыймыл аппараты зақымданған спортшылар командасын спорт шеберлері – Зинятқыз Нүсіпбаева, Сергей Мигай мен Данил Лукьянчук, спорт шеберлігіне кандидат – Болат Жанымхан және халықаралық дәрежедегі спорт шебері – Юрий Носов тізгіндеді. Ал есту қабілеті төмен спортшылар командасында Бота Истаев, Ермекқали Уразалиев, еңбек сіңірген спорт шебері – Максим Рожков, халықаралық спорт шебері – Алия Мұратова және спорт шеберлері – Алим Мендібаев пен Айжан Ахмолданова өнер  көрсетеді.

Жарыс жүйесі келесідей бағдарлама бойынша, жеке жарыстар – классикалық  және жылдам ойын, командалық жарыстар – жылдам ойын және  классикалық ойындар аралас жүйе бойынша 2 кезеңде өткізіледі: алдын ала және қорытынды. Әлем чемпионаты 29 қарашада  қорытындыланады.

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

18 − four =