Қазақстандық қолкүресшілер пара-армрестлингтен өтетін әлем чемпионатына дайындалуда – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық қолкүресшілер пара-армрестлингтен өтетін әлем чемпионатына дайындалуда


Қазіргі уақытта еліміздің  екі қаласында армрестлингтен оқу-жаттығу жиындары өтуде. Спортшылар 21 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Румыния астанасында өтетін пара-армрестлингтен әлем чемпионатына дайындалуда.

Тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті нашар спортшылар Риддер қаласында дайындықтан өтіп жатыр. Сондай-ақ есту қабілеті төмен спортшылар Нұр-Сұлтан қаласында жаттығып, шеберліктерін шыңдауда.

Оқу-жаттығу жиындарын аға жаттықтырушылар Заир Ахмедов пен Сергей Соколов басқарды.

Бухарестте өтетін әлем чемпионатына Қазақстаннан  20-ға жуық спортшының қатысуы жоспарлануда.  Бағдарлама бойынша қатысушылар келесі класстар бойынша күреседі: PID, PIU, PIDH, PIUH, VI, HI.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

3 + seventeen =