Қазақстан Республикасының Спорт күні қарсаңында ұжым қызметкерлері марапатталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасының Спорт күні қарсаңында ұжым қызметкерлері марапатталды


Спорт күнін мерекелеу қарсаңында Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығында (бұдан әрі – Орталық) салтанатты жиын өтті.

Жиында Орталықтың бірқатар қызметкерлері дене шынықтыру және спорт саласына зор үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Салтанатты шара барысында  Орталықтың директоры Марат Қасқырбаев мекеме қызметкерлерін мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

«Спорт – халықаралық аренада еліміздің имиджін қалыптыстырып, беделін асыратын маңызды сала. Осы орайда,  дене шынықтыру мен спорт саласын дамыту мемлекетіміздің негізгі міндеттерінің бірі. Елдің мерейін асырып, абыройын тасытып жатқан спортшыларды, жаттықтырушыларды  және спорт саласының қызметкерлерін айтулы күнмен құттықтаймын!», – деді Орталықтың директоры өз сөзінде.

Айта кетсек, Спорт күні –  Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылдың 15 қарашасындағы Жарлығына сәйкес тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

sixteen + 4 =