Голболдан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Голболдан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті


Нұр-Сұлтан қаласында тамыздың 11-14 аралығында голболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа Жамбыл, Атырау, Түркістан, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе облыстары және Алматы мен Шымкент қалаларының командалары қатысты.

Чемпионат қортындысы бойынша:

1 орын – Жамбыл облысы (27 ұпай);

2 орын – Алматы облысы (24 ұпай);

3 орын – Атырау облысы (21 ұпай).

«Биыл голболдан Қазақстан чемпионаты 2 кезеңде өткізілді. Бірінші кезең  маусым айында Алматы қаласында, шешуші екінші кезең Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Ел чемпионатында үздік өнер көрсеткен спортшылар алдағы уақытта ұлттық құрама сапына іріктелетін болады», – деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының голболдан команда басшысы Азат Кудасов.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

1 + 15 =