Бішкекте грек-рим күресінен есту қабілеті зақымданған кадеттер арасында әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 16 мемлекеттен 160-тан астам спортшы қатысты.
Қазақстандық палуандар әлем чемпионатында 3 «алтын», 2 «күміс» және 1 «қола» медальді еншіледі:
1 орын – Сейткерім Дамир (48 кг);
1 орын – Жолдақан Ердаулет (55 кг);
1 орын – Мұстафаұлы Жандос (60 кг);
2 орын – Омар Жасұлан (65 кг);
2 орын – Жылқышыбай Айқын (71 кг);
3 орын – Камидин Рүстем (51 кг).
Сондай-ақ, командалық есепте Қазақстан құрамасы 1-ші орынды, Қырғызстан 2-ші орынды және Армения 3-ші орынды иеленді.
Айта кетсек, Бішкекте грек-рим күресінен есту қабілеті зақымданған кадеттер арасында әлем чемпионаты 2-3 қыркүйек аралығында өтті. Әлем чемпионаты 4-6 қыркүйек аралығында жастар және ересектер арасында жалғасатын болады. Ал, 7-11 қыркүйек аралығында спортшылар еркін күрестен өнер көрсетеді.