2018 жылғы 9 шілдеде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

2018 жылғы 9 шілдеде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК


2018 жылғы 9 шілдеде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК (бұдан әрі – Орталық) ұжымымен кездесуі өтті.

Кездесу әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын» түсіндіруге арналды: тұрғын үй сатып алуға арналған жаңа мүмкіндіктерді іске асыру, жалақысы төмен жұмыскерлер үшін салық жүктемесін төмендету, жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, микрокредиттеуді қолдау және елді газдандыру.

Кездесуге қатысқандар:

– Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары:

Омарбекова Жанат Әнуарбекқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеті;

Казанцев Павел Олегович – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті;

Тимощенко Юрий Евгеньевич – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті;

сондай-ақ:
– Қожахметов Шыңғыс Шопанұлы – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Өткізілген кездесу барысында әлеуметтік блок, инфрақұрылым, көлікпен қамсыздандыру, тұрғын үй және өзге де мәселелер талқыланды.

Ағымдағы жылы қабылданған нормативтік-құқықтық актілер, атап айтқанда «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы аудиторияның ерекше қызығушылығын туғызды.

Орталық басшысы Қасқырбаев Марат Дайырұлы Орталықтың негізгі спорттық жетістіктері мен даму перспективалары туралы айтып өтті.

Ұжым жұмыскерлері өз кезегінде кездесудің өткендігі үшін алғыс білдірді, сондай-ақ өздерінің қызметтері туралы, спорттық даярлау орталықтарының, атап айтқанда дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін заңнама актілерін қабылдауда көмек көрсету қажеттілігі туралы айтып өтті.

Кездесу соңында депутаттар өткен кездесу үшін алғыс айтып,  Орталық ұжымына өз қызметінде табыстар мен жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдірді.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

one × 3 =