Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 11-тармағын орындау мақсатында, 2018 жылғы 13 шілдеде «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК-де (бұдан әрі – Орталық) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Раимбаев Данияр Исраилұлы шақыртылды.

Аталған іс-шараны аша отырып, Орталық басшысы Қасқырбаев Марат Дайырұлы, заңдылықты, құқықтық тәртіпті сақтау және сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбы өзекті болып табылатындығын және тұрақты негізде талқылауға шығарылатындығын атап өтті.

Д.И. Раимбаев өз сөзін осы құбылысты анықтаумен, оның көрініс табу механизмдерін таныстырудан бастады және сыбайлас жемқорлық бағыты бойынша ағымдағы жылы Қазақстанда жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың статистикалық деректерін келтірді.

Данияр Исраилұлы Дөңгелек үстел қатысушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар туралы айтып кетті және сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түрлеріне тоқтап өтті. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының дәстүрлі түрлері ретінде аталғандар: билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдаланушылық арқылы жасалатын ұрлық; пара алу; пара беру; делдалдық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша ескерту, алдын алу және болдырмау мақсатында, Орталық қызметкерлеріне жасалған құқық бұзушылық фактілері бойынша бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шара аяқталғаннан кейін, Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының өкіліне ұсынған пайдалы ақпарат үшін алғыс білдірді.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

18 − 4 =