2017 жылғы 16-17 қараша аралығында Астана қаласында паралимпиялық және сурдлимпиялық спорт түрлері бойынша жыл сайынғы жиналыс өтті. – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

2017 жылғы 16-17 қараша аралығында Астана қаласында паралимпиялық және сурдлимпиялық спорт түрлері бойынша жыл сайынғы жиналыс өтті.

Барлық бас жаттықтырушылар, алдағы жылға арналған жоспарларымен, сондай-ақ 2017 жылдың қорытындыларымен бөлісу үшін, «Сарыарқа» республикалық велотрегінде бас қосты.

Мәжілісте:

– 2018 жылы Қазақстан Республикасының қалаларында Дене мүмкіндіктері шектеулі спортшылар арасында спартакиадалар өткізу;
– 
2018 жылға арналған Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының 2018 жылға арналған ұлттық құрама командалар тізімін қарастыру;
– дене мүмкіндіктері шектеулі спортшылар арасында 2018 жылы өтетін спартакиадалар бағдарламаларын бекіту және көптеген өзге де мәселелер қаралды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, Спорттық даярлау орталығы «Нұр Отан» партиясының ардагері, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бас консультанты, профессор Жексембекова Венера Абыханқызымен кездесу өткізді.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

1 × 4 =