2018 жылғы 19-28 наурыз аралығында Эль-Аин қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) оқпен атудан (пара) Әлем кубогының кезеңі өтеді. – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

2018 жылғы 19-28 наурыз аралығында Эль-Аин қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) оқпен атудан (пара) Әлем кубогының кезеңі өтеді.


Жарыстар

Жарыстың мақсаты – 10 шоғырлас шеңберден тұратын нысананың дәл ортасына тию. Соңында әр сақина суб-аймақтарға бөлінеді, бұл ретте ұпайлардың ең көп саны – 10.9 – нысананың ортасына тиген кезде беріледі.

Ату үш позицияның біреуінде жүзеге асырылады:

  • тұрып ату – standing (тұрып немесе отырып, шынтақтарды тіреусіз),
  • тізеден ату – kneeling (отырып, бір шынтаққа тіреліп)
  • жатып ату – prone (отырып, екі шынтаққа тіреліп)

Жарыстар екі санатта өтеді – винтовка және пистолет, 10, 25, 50 м қашықтықтан. Ережелер қаруға, қашықтыққа, нысанаға, мергеннің позициясына, ату санына және уақыттың шектеулігіне байланысты болады. Жарысқа қатысушылар нысанаға тию нәтижелері бойынша ұпайларға ие болады.

Әр жарыс біліктіліктен және соңғы шеңберден тұрады. Спортшының соңғы шеңбердегі нәтижесі біліктілік жарысының нәтижелерімен қосылады.

Жарыс соңында ең көп ұпай санын жинаған қатысушы жеңімпаз атанады.

12 паралимпиялық жаттығудың алтауында ерлер мен әйелдер, үшеуінде – тек ерлер және үшеуінде – тек әйелдер қатысады. Әйелдер жарыстарында 40 ату, ерлер арасындағы және аралас жарыстарда 60 ату көзделген. Соңында алғашқы сегіз орынды иеленген спортшылар, белгілі-бір уақыт аралығында 10 атудан жасайды.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

three × four =