Оқпен ату – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Оқпен ату


Оқпен атудан жарыстар винтовка және пистолет кластарына бөлінеді. Мүгедектерге арналған жарыстар ережелерін Мүгедектердің халықаралық ату комитеті белгілейді. Бұл ережелер, денсаулығының күйі әртүрлі деңгейдегі спортшыларға командалық және жеке есептерде сайысуға мүмкіндік беретін біліктіліктің функционалдық жүйесін пайдалану деңгейіндегі дені сау адамдар мен мүгедектер арасында болатын айырмашылықтарды ескереді.

Ату – мылтықтан немесе пистолеттен қозғалмайтын нысана бойынша ату сериялары жасалатын, дәлдікке арналған тест. Спорттың бұл түрі дене мүмкіндіктері шектеулі кез келген адамға қолжетімді. Паралимпиялық ойындар бағдарламасына 1976 жылдан бастап енеді.

12 паралимпиялық жаттығудың алтауында ерлер мен әйелдер, үшеуінде – тек ерлер және үшеуінде – тек әйелдер қатысады. Әйелдер жарыстарында 40 ату, ерлер арасындағы және аралас жарыстарда 60 ату көзделген.

Соңында алғашқы сегіз орынды иеленген спортшылар, белгілі-бір уақыт аралығында 10 атудан жасайды.

Біліктілік

Оқпен атуда әртүрлі мүгедектік категориялардағы спортшыларға – жеке немесе командалық жарыстарда бірлесіп жарысуға мүмкіндік беретін функционалдық біліктілік жүйесі қолданылады. Дене мүшелерінің шектеуліктеріне байланысты (қозғалғыштық дәрежесі және дене теңгерімі, бұлшықеттердің күші, қолдардың және аяқтардың қимыл қабілеттілігі) спортшылар үш класқа бөлінеді: SH1, SH2 және SH3.

  • SH1 – қаруды қосымша тірексіз ұстап тұруға қабілетті спортшылар;
  • SH2 – қаруға арналған арнайы тіректі пайдаланатын спортшылар;
  • SH3 – нашар көретіндер.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

18 − 6 =