2018 жылғы Азия және Океания чемпионатының қорытындылары – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

2018 жылғы Азия және Океания чемпионатының қорытындылары


2018 жылғы 08-12 қыркүйек аралығында Кита-Кюсю қаласында (Жапония) 2018 жылғы Азия және Океания чемпионаты өтті, оған әлемнің 21 елінің спортшылары қатысты.

Аталған Чемпионатта Қазақстан Республикасынан 14 спортшы өнер көрсетті.

2018 жылғы Азия және Океания чемпионатында Қазақстан Республикасы құрама командасының спортшылары 2 алтын, 2 күміс және 6  қола медаль жеңіп алды.

Алтын медальдар иегері: юниорлар арасындағы 41 кг салмақ дәрежесіндегі жеңімпаз Қабыл Тұрсынай (нәтижесі 55 кг).

Күміс медальдар иегері: 67 кг салмақ дәрежесіндегі Қойшыбаева  Раушан (нәтижесі 111 кг).

Қола медаль иегерлері: 54 кг салмақ дәрежесіндегі Дегтярев Давид (нәтижесі 160 кг), 80 кг салмақ дәрежесіндегі Хамруллаев Надаржан  (нәтижесі 160 кг), 50 кг салмақ дәрежесіндегі Әбдіхалықова Гүлбану (нәтижесі 82 кг).

 

Біздің спортшылар 2018 жылғы Азия және Океания чемпионатында еліміздің беделі мен туын биіктен көрсетті.

2018 жылғы Азия және Океания чемпионатының қорытындылары бойынша: 1-ші орынды Қытай спортшыларының құрамасы, 2-ші орынды Иран спортшыларының құрамасы, 3-ші орынды Қазақстан құрамасының спортшылары иеленді.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

sixteen + two =