2018 жылғы пара дзюдодан өткен Әлем кубогының қорытындылары – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

2018 жылғы пара дзюдодан өткен Әлем кубогының қорытындылары


2018 жылғы 9-10 қыркүйек аралығында Атырау қаласында (Қазақстан) пара дзюдодан Әлем кубогы өтті.

Аталған жарыста әлемнің 20-дан астам елінен (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Корея, Мексика, Грузия, Италия, Португалия, Ресей, Литва, Египет, Түркия, Германия, Украина, Швеция, Греция, Испания, Бразилия, Румыния, Қазақстан) шамамен 150 спортшы қатысты.

Пара дзюдодан өткен Әлем кубогында Қазақстан Республикасы құрама командасының спортшылары үш қола медаль жеңіп алды.

Қола медаль иегерлері атанғандар: 60 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі Қызылорда қаласының спортшысы Олжас Оразалыұлы, 66 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі Алматы қаласының спортшысы Нокушев Азамат және 73 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі Атырау облысының спортшысы Дәулет Теміржан.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

14 − 6 =